13 қар, 2019 сағат 13:27

Хиджап таққан 2 оқушы сабаққа келмей жүр – Ақтөбе облысының әкімі

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин хиджап таққан 2 қыздың сабаққа келмей отырғанын айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Былтыр 7 қыз бала осы жағдайға байланысты оқу жылының ішінде мектепке келген жоқ. Биыл - небәрі екі қыз бала. Менің ойымша, бұл жерде қыздарға арналған жеке мектептің ашылуы, екінші жағынан түсіндіру жұмыстары оң әсер етті. Бұл жағынан өршіп бара жатқан үлкен проблема жоқ», - деді ол БАҚ өкілдерінің сауалына орай .

Осы ретте облыс басш,ысы зайырлы мемлекет болған соң балаларды тиісті біліммен қамтамасыз ету қажеттігін баса айтты.

«Соған байланысты мектепте қолданылатын ережелерді сақтауымыз керек. Жалпы осы мәселеге байланысты ата-аналарда түсінік бар. Қазіргі таңда олардың саны едәуір азайды. Менің ойымша, болашақта бұл үлкен проблемаға айналмауы тиіс», - дейді Оңдасын Оразалин