08 сәу, 2021 сағат 08:46

Хамитов қарсыластарының деңгейіне қатысты сынға жауап берді

Қазақстандық аралас жекпе-жек файтері Қуат "Найман" Хамитов қарсыласының деңгейіне қатысты сын айтушыларға жауап берді, - деп хабарлайды Vesti.kz басылымы.

"Осы жазбада кейбір сын айтушылардың сұрағына жауап бергім келеді. Олардың айтуынша, мен бүкіл мансабым барысында танымал емес спортшылармен шыққанмын... Олар UFC, Bellator, PFL MMA, Rizin-де күреспегендер.

Менің жауабым: 10 жыл ішінде 30 жекпе-жек өткіздім, мансабым басталғаннан бері тек мықты қарсыластармен шықтым!

2011 жылдан бастап 2017 жылға дейін торды бөліскен спортшылардың тізімін жарияладым. Ол кезде менің өзім жаңадан келген едім", - деп жазды Қуат Хамитов Instagram-парақшасында.

Сондай-ақ, Хамитов UFC-ке шығуға қатысты мәлімдеме жасады. "Ал UFC туралы айтатын болсақ, ешқашан допинг, стероидтерді қабылдаған емеспін... Мүмкіндік берсін, мен өзімді көрсетемін", - деп қосты Қуат Хамитов.