14 шіл, 2019 сағат 11:37

Қазақстандық боксшы 35 рет жеңіске жеткен қарсыласынан басым түсті

Қазақстандық боксшы Руслан Мәдиев (12-1, 5 КО) Геннадий Головкиннің промоутерлік компаниясынан кетіп қалғаннан кейін өзінің алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Филиппиндік Рики Сисмундоға (35-13-3, 17 КО) қарсы айқас Мәдиев үшін Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясындағы бірінші жекпе-жегі болды.

Айта кетейік, бұл промоутерлік компанияның басты жұлдызы Сауль Альварес саналады. АҚШ-тың Карсон қаласында (Невада штаты) өткен бірінші жартылай орта салмақ дәрежесіндегі кездесу сегіз раундқа созылуы тиіс еді. Жекпе-жек төрешілердің бірауыздан шешімімен Мәдиевтің жеңісімен аяқталды.

Руслан кәсіпқой рингтегі 13-жеңісіне қол жеткізді. Осылайша, ол қыркүйекте мексикалық Пабло Сесар Канодан (32-7-1, 22 КО) спорттық мансабындағы алғашқы жеңілісінің «есесін қайырды».

Сисмундо кәсіпқой алаңда 14-рет жеңіліске ұшырады.