10 там, 2017 сағат 22:17

"Қазақстандағы 100 жаңа ecім жобасына білім алушыларды тарту"

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде Ғылым және халықаралық байланыстар басқармасы мен «Кітапханатану және библиография» кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандағы 100 жаңа есім» атты жобасын іске асыру шеңберінде «Қазақстандағы 100 жаңа есім жобасына білім алушыларды тарту» атты G-Global порталында халықаралық ON-LINE конференция өткізді.

Ғылыми конференцияның мақсаты – Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы жөнінде студенттерді ақпаратттандыру, бағдарламадағы нақты адамдардың нақты тағдырлары мен өмірбаяндары арқылы бүгінгі, заманауи Қазақстанның келбеті көрініс табатынын көрсету, сонымен қатар, ақылымен, қолымен, дарынымен заманауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адамдарды қоғамға таныту.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар-ұлттық жаңғыру» атты мақаласында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы арқылы замандастарымыздың жетістіктерінің тарихына назар аудару мәселелері бойынша ақпараттандыру ғылыми конференцияны өткізуге негіз болды.

Конференцияға Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті ұжымы, Түркия мемлекеті, Нийде қаласы, Өмер Халисдемир университетің өкілдері, Түркия мемлекеті, Бандырма, Хайдер атындағы Анадолу кәсіптік-техникалық колледжінің өкілдері қатысты.

Конференция модераторы «Кітапханатану және библиография» кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к., Гүлмира Нұржанова болды. Аталған кафедраның доценті п.ғ.к., Досымбаева Б.С., аға оқытушы Үсенбаева Ш.М., Елбасының мақаласы туралы ой-пікірлерін білдіріп, арнайы үлкен баяндама жасады.

Тәуелсіз Еліміздің ХХІ ғасырдағы рухани даму жолын жан-жақты да терең талдап көрсеткен Елбасымыз, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты стратегиялық маңызы бар мақаласын талқылау үшін ұйымдастырылған онлайн конференция маңызды мәселелерге толы болды.

Түрлі мәселелер жан-жақты талқыға салынып, келелі ойлар айтылды, бір сөзбен айтқанда  аталмыш шара жоғары дәрежеде өтті.