#
#
Сейсенбі 07/04/2020

Қазақстанда тәулігіне 850 мың маска тігіледі

  • 25.03.2020
  • 0
  • 93

Қазақстанда тәулігіне 850 мың маска тігілуде. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір күніне 850 мыңға жуық маска тігіліп жатыр. Бұл маскаларды Денсаулық сақтау министрлігі барлық өңірлерге таратуда. Масканы фармацевтикалық компаниялармен бірге тігін цехтары да тігуде»,- деді Дәурен Абаев. 

Министрдің дерегінше, қазір елімізде 70 тігін цехы маска тігіп жатыр. 

«Айта кететін мәселе – маска тігу мен сату арнайы тіркелуді талап етпейді. Себебі бұл - медициналық тауар емес және техникалық регламентпен реттелмейді», - деді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар