#
#
Сейсенбі 18/06/2019

Қазақстанда су жаңа әуежай салынады

  • 17.05.2019
  • 0
  • 728

Тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет толықтай жаңадан салынған әуежай пайда болады. Өзге әуежайлардың құрылысы барысында Кеңес одағы кезіндегі инфрақұрылым пайдаланылған болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әуежай Түркістан облысында салынады. Kazakhstan Global Investment Roundtable атты жаһандық инвестициялар жөніндегі дөңгелек үстел барысында өңір әкімдігі мен Түркияның YDA Holding компаниясымен тиісті келісімге қол қойды.

"Біз бұл әуежайдағы алғашқы жұмыстардың басталғанын қуана хабарлаймыз. 100-120 миллионов доллар көлеміндегі инвестиция бағыттаймыз. Аэродромды жобалап, ұшу-қону жолағы мен ерекше дизайн жасау оңайға соқпайды. Оның бәрі халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс. Біз әуежай бизнесінде бірнеше жыл бойы жұмыс істеп келеміз", - дейді YDA Holding компаниясы басқару кеңесінің төрағасы Хусейн Арслан.

Оның айтуынша, Түркістан облысындағы әуежай құрылысы 2020 жылдың соңында аяқталады.

"Толықтай жаңадан әуежай салу біз үшін оңайға соқпайды. Дегенмен желтоқсан айында алғашқы ұшақтарды қабылдай бастаймыз деп сенемін", - деді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар