02 қыр, 2017 сағат 11:26

Қазақстанда күзгі әскерге шақыру басталды

Қазақстанда міндетті әскери қызмет атқару үшін күзгі шақыру басталды. Бұл туралы бүгін қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланған ақпаратта жазылған. Биыл күзде 18-27 жас аралығындағы 16 мыңнан астам азаматты әскерге шақыру жоспарланып отыр.

Әскер қатарына шақырылғандарды әскери бөлімдерге бөлу кезінде жастардың мамандығы мен алдын ала зерттеу қорытындылары ескеріледі деп хабарлайды қорғаныс министрлігі.

Күзгі әскерге шақыру науқанында "шұғыл желі" жұмыс істейді.

Қазақстанда міндетті әскери қызмет борышын өтеу мерзімі - 12 ай.