#
#
Бейсенбі 09/04/2020

Қазақстанда 1 отбасының кәмелетке толмаған 15 баласы бар

  • 17.02.2020
  • 0
  • 184

Қазақстанда кәмелетке толмаған 15 баласы бар 1 ғана отбасы бар. Бұл туралы ҚР Еңбек және және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өздеріңізде білетіндей, атаулы әлеуметтік көмекті реформалау аясында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап көпбалалы отбасыларға кірістеріне қарамастан жәрдемақы енгіздік. 4 баласы барларға 42 500 теңге, ал одан ары 7 және одан көп баласы бар отбасына 74 мың теңге төленеді. Яғни бір балаға 10 600 теңгеден беріледі. Көпбалалы аналармен, депутаттармен талқылау барысында жәрдемақыны одан ары саралау қажет деген ортақ пікірге келдік. Таяу уақытта Заңға түзетулер енгіземіз. Заң ақпан не наурызда қабылданғанның өзінде ол осы жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді. Ендігі уақытта 8 баласы барларға 74 мың емес шамамен 85 мың теңге, 9 балаға 96 мың, 10 балаға 106 мың және 15 балаға 159 мың теңге беріледі», - деді министр ведомствоның кеңейтілген алқа отырысынан кейін.

Осы ретте министр мұндай қадамға неліктен барғандықтарын түсіндіріп берді.

«Өңірлерге барғанда жасы кәмелетке толмаған 12 баласы бар ана неліктен 7 баласы бар аналармен бірдей жәрдемақы алатындығын сұраған еді. Сондықтан әділетті болу керек шығар. Ең көбі 15 баламен тоқтадық. Бізде Солтүстік Қазақстан облысында кәмелеттік жасқа толмаған 15 баласы бар бір ғана отбасы бар. 8 және одан да көп баласы бар отбасылардың саны – 2 451», - деді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар