18 ақп, 2020 сағат 15:52

Қазақстан ШЫҰ-ның экстремизмге қарсы конвенциясын ратификациялады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.