15 мам, 2018 сағат 07:44

«Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

«Қазақстан» РТРК АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары болып Асқар Мұқанметжанұлы Нұрымжанов тағайындалды.   

Асқар Мұқанбетжанұлы Нұрымжанов 1972 жылы туған.

1999 жылы Алматы халық шаруашылық институтын «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша, 2009 жылы Алматы қаласындағы Халқаралық бизнес академиясының магистратурасын МВА бағдарламасы бойынша, ал 2015 жылы Халықаралық бизнес мектебін DBA бағдарламасы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын «Қазақтелеком» АҚ есеп-саяси және ішкі аудит қызметінің жетекші маманы болып бастап, кейіннен қаржы департаменті операциялау бөлімінің жетекшісі, 2003 жылы қаржы департаменті директорының орынбасары, ал 2006-2016 жылдары аралығында Ақмола облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры қызметтерін атқарды.  2016-2017 жылдары ҚР Ұлттық банк ақпараттық технологиялар департаментінің директоры болып қызмет етті.