23 там, 2019 сағат 12:04

Тоқаев Қарағандыдағы жаңа емхананы аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарының аясында облыс орталығынан қашық аудандардың бірі – Пришахтинскідегі жаңа балалар емханасына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жаңа медициналық мекеме бір ауысымда 300 адамды қабылдайды.

Мемлекет басшысы емдеу кабинеттерін, заманауи медициналық құрал-жабдықтарды қарап көріп, дәрігерлермен әңгімелесті. Сондай-ақ, Президентке облыстың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) енгізуге дайындығы жөнінде айтылды.

Осыған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қарағандыдағы «Сарыарқа» АЭА-дағы бірқатар нысанды аралап көргендігін хабарлағанбыз.