17 ақп, 2017 сағат 09:17

Қазақстан күміс экспортынан $584 млн табыс тапты

2016 жылы Қазақстан сыртқы нарықтарға күміс жеткізуді қысқартты, алайда ақшалай тұрғыда кірістер айтарлықтай өскен. Бұл металл экспортынан Қазақстан $584 млн табыс тапқан, деп хабарлады energyprom.kz.

Қазақстанның сыртқы нарықтарға күміс жеткізуі 8,8% төмендеген, бірақ ақшалай тұрғыда 21,2% өскен. 2016 жылы өңделмеген немесе жартылай өңделген күміс және ұнтақ түріндегі күмісті экспорттау көлемі 1,17 мың тоннаға және 584,6 миллион АҚШ долларына жеткен.

Негізінде Қазақстан Ұлыбританиямен ынтымақтастықта. Сондай-ақ, 2016 жылы Италияға да жеткізілімдер басталды. 2015 жылы Гонконгке де күміс жіберілді.

Қазақстандағы ірі күміс өндірушілер: KAZ Minerals, Қазмырыш және ресейлік Polymetal International plc компаниясы.