#
#
Сейсенбі 02/06/2020

Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешені толық карантинге жабылуы мүмкін

  • 01.04.2020
  • 0
  • 146

Алматы облысының Қарасай ауданындағы «Асыл арман» тұрғын үй кешені толық карантинге жабылуы мүмкін, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Облыс әкімі Амандық Баталовтың тапсырмасымен Қарасай ауданында орналасқан «Асыл арман« тұрғын үй кешеніне облыс әкімінің орыньбсары Батыржан Байжұманов пен облыстың бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов жолға шықты. Олар сол жерде кешенді толық карантинге жабу мәселесін қарастырады. Бұл жерде облыс әкімінің тапсырмасына сай, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, індеттің таралуына жол бермеу мәселесімен қатар кешен тұрғындарының қажеттілігі мәселесі талқыланады. Соңғы шешім қабылданған сәтте қосымша ақпарат беріледі»,- делінген облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің таратқан хабарламада.

Айта кетейік, дәл осы «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде тұратын екі тұрғыннан коронавирус індеті анықталды. Бірі 1995жылғы аяғы ауыр келіншек болса, екіншісі 1959 жылы туған әйел. Бұған дейін дәл осы кешендегі №6 үйдің бір кіреберісі карантинге жабылғанын хабарлаған болатынбыз. 

Айта кетейік, Алматы облысында 9 адам коронавирус жұқтырған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар