19 ақп, 2017 сағат 09:57

Қанат Ислам: Маған "Канело" мен Коттоны беріңдер

Бірінші орта салмақта WBO Intercontinental және WBA Fedelatin нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Қанат Ислам атақты боксшыларды жұдырықтасуға шақырды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бразилиялық боксшы Робсон Ассиспен болған кездесуден кейін, қазақстандық былғары қолғап шебері мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен және пуэрторикалық Мигель Коттомен шаршы алаңда кездескісі келетінін жеткізді. "Мен ерекше ынтамен дайындалдым. Маған "Канело" мен Коттоны беріңіздер, мен көбірек жекпе-жек өткізгім келеді. Мен шаршы алаңда өліп кетуге дайынмын. Менің нағыз уақытым келді", - деді Ислам жекпе-жектен соң.

Еске салайық, қанат Ислам мен Робсон Ассис арасындағы кездесу 18 ақпанда АҚШ-та өтті. Қазақстандық боксшы бразилиялық қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді.  

Бұл Қанаттың 23-і жеңісі, ол кәсіпқой бокста 23 кездесу өткізіп 19-ында уақытынан бұрын (нокаутпен) аяқтаған. Осы нәтижесінің арқасында ол Boxrec.com нұсқасы бойынша рейтингте айтарлықтай көтерілген

kaz.tengrinews.kz