31 қаз, 2016 сағат 08:29

Қанат Ислам: Әлем мықтыларын сабайтын күн де алыс емес

Жеңіс құтты болсын, қазақ елі. «Алматы аренаға» келіп қолдау көрсеткен және келе алмай телеарна алдында тақымын қысып отырған ағайынға айтар алғысым зор. Бұл сіздердің жеңістеріңіз. Жекпе-жек мен үшін өте қиын болды. Барлығы менен нокаут күткенін білемін. Кездесудің екінші раундында екі қолымды бірдей жарақаттап, ойдағыдай соққы жасай алмадым. Сол үшін де оны шаршатып, 12 раунд бойы жұмыс істеу керек болды. Жаттықтырушымның кеңесі осы болды. Бұл спорт. Рингте кез-келген жағдай болады. Көптен бері 12 раундтық жекпе-жегім болмап еді, мен үшін бұл да бір тәжірибе. Бәрі алда, бұйыртса әлем мықтыларын сабайтын күн де алыс емес. Жарысты ұйымдастырып, Қазақ елінде тамаша кәсіпқой бокс кешінің өтуіне қолдау көрсеткен Бауыржан Байбек, Бауыржан Оспанов, Айдын Рахымбаев, Кеңес Рақышев ағаларыма алғыс айтамын. Ерім дейтін ел барда, елім дейтін ерлер көбейеді. Бұл бокс кеші талай қазақ жастарының спортқа деген қызығушылығын оятты деп ойлаймын. Бізде мықты жастар көп. Бұйыртса, кәсіпқой бокста талай қазақ жігіттері өз биігін бағындырады. Жеңісті күндер көп болсын!

Фото опубликовано Kanat Islam (@islamkanat)

- Қазақстандық боксшы Қанат Ислам  кешегі өткен жекпе-жегінде қолдау көрсеткеі үшін жанкүйерлеріне алғыс айтты. Боксы бұл туралы өзінің Инстаграмдағы парақшасында хабарлады.

«Жеңіс құтты болсын, Қазақ елі. «Алматы аренаға» келіп қолдау көрсеткен және келе алмай телеарна алдында тақымын қысып отырған ағайынға айтар алғысым зор. Бұл - сіздердің жеңістеріңіз. Жекпе-жек мен үшін өте қиын болды. Барлығы менен нокаут күткенін білемін. Кездесудің екінші раундында екі қолымды бірдей жарақаттап, ойдағыдай соққы жасай алмадым. Сол үшін де оны шаршатып, 12 раунд бойы жұмыс істеу керек болды. Жаттықтырушымның кеңесі осы болды. Бұл - спорт. Рингте кез келген жағдай болады. Көптен бері 12 раундтық жекпе-жегім болмап еді, мен үшін бұл да бір тәжірибе. Бәрі алда, бұйыртса әлем мықтыларын сабайтын күн де алыс емес. Жарысты ұйымдастырып, Қазақ елінде тамаша кәсіпқой бокс кешінің өтуіне қолдау көрсеткен Бауыржан Байбек, Бауыржан Оспанов, Айдын Рахымбаев, Кеңес Рақышев ағаларыма алғыс айтамын. Ерім дейтін ел барда, елім дейтін ерлер көбейеді. Бұл бокс кеші талай қазақ жастарының спортқа деген қызығушылығын оятты деп ойлаймын. Бізде мықты жастар көп. Бұйыртса, кәсіпқой бокста талай қазақ жігіттері өз биігін бағындырады. Жеңісті күндер көп болсын!» - деді  спортшы.