#
#
Жұма 18/10/2019

Кәмелет жасына толмаған 70-тен астам ақтөбелік қыз жүкті болып қалды

  • 10.10.2019
  • 0
  • 101

Ақтөбеде студенттер мен дәрігерлер кездесуінде ерте жүктілік, жастар арасындағы қылмыс туралы айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Колледж студенттері бүгін психолог, гинеколог, полиция қызметкері мен дерматолог маманға ашық сұрақ қойды. Студенттермен кездесу облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен «Арасан Ақтөбе» ЖШС ұйымдастыруымен өтті. Студенттер ерте жүктілік, жастар арасындағы қылмыс, шылым шегудің зияны мен ұялы байланыстың әсері туралы жан-жақты сұрақ қойды.

«Жыл өткен сайын кәмелетке толмағандар арасындағы ерте жүктілік азайып келеді. Бұл - қуантарлық жағдай. Дегенмен проблема сол күйі қалып отыр. Мәселен, Эстонияда мұндай дерек мүлде тіркелмейді. Жастар, жасөспірімдер дәрігерге қаралып, кеңес алудан қорықпауы тиіс. Біз мұғалім емеспіз, ешкімге жекіп, ұрыспаймыз. Облыста санаулы ғана маман болған соң барлық жасөспірімді бақылап, қамти алмаймыз. Сондықтан кез келген уақытта дәрігердің есігі ашық, бәрі тегін. Облыс бойынша кәмелетке толмаған 70-тен астам қыз жүкті болып қалды», - деді балалар мен жасөспірімдер гинекологы Салтанат Тобылбаева.

Кездесу кезінде тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы да айтылды. Облыста өткен тоғыз ай ішінде 2993 тұрмыстық зорлық-зомбылық тіркелді.

«9 айдың қорытындысы бойынша 2993 тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі тіркелді. Өткен жылы дәл осы кезде 2626 оқиға болған. Яғни, өсім бар. Әйелдерді ұрып-соғу бойынша 502, әйелдерге қатысты жасалған 259 қылмыс тіркелді», - деді Ақтөбе облыстық полиция департаменті Әйелдердің құқығын қорғау жөніндегі инспектор Ақгүл Есенғалиева.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар