08 қар, 2019 сағат 10:35

Италияда климаттың өзгеруі туралы пән мектеп бағдарламасына енгізіледі

Италия мектеп оқушыларына климаттың өзгеруі туралы оқытатын әлемдегі бірінші мемлекетке айналады, деп жазады CNN.

Келесі жылдан бастап Италия мектептерінде барлық сыныптарда климаттың өзгеруі пәні оқытылады. Осылайша Италия өзін экологиялық білім берудің әлемдегі көшбасшысына айналдырмақ.

Италияның білім министрі аталған пән барлық мемлекеттік мектептерде жылына 33 сағат өткізілетінін айтты.

«Болашақтың азаматтары климаттық төтенше жағдайларға дайын болуы керек. Бұл пән сол үшін енгізілді», деді министр. Оның айтуынша, билік Италияның білім беру саласын қоршаған орта мен қазіргі қоғамда болып жатқан өзгерістерді ескеретін алғашқы жүйеге айналдыруды көздейді.