01 қыр, 2016 сағат 15:06

Ислам Кәрімов есін жиды

"Мұны 31-тамызда қаладағы қызмет түрлерінің жетекшілерінің басын қосқан жиында Ташкенттің хакімі Рахмонбек Усманов мәлім етті. Бұл туралы «Политэксперт» ресейлік басылымы жазады", - деп хабарлайды kaz.365info.kz.

Ташкент басшысының айтуынша, алған инсультынан кейін Ислам Кәрімовтің денсаулығы бір қалыпқа келген, тіпті ол басын көтеріп, аз уақытқа төсегінен тұрып, жүріпті.

„Ташкент билігіндегілердің бұл мәлімдемесі Өзбекстан президентінің қазасы туралы алып-қашпа сөзге нүкте қойды. Құқыққорғау органындағылар да осындай сөзді таратқандарды қазір қамауға алып жатыр екен„ деп жазады басылым.

Ал басқа билікте отырған шенділер мемлекет басшысының сырқаттанғанынан бері, әліптің артын бағып үнсіз отыр.