14 там, 2018 сағат 08:27

"Головкинді жеңу үшін Гераклдың күші керек" - Америкалық БАҚ

Нью-Йорктің El Paso Times басылымы салмақ санатынан тыс әлемнің үздік боксшыларының рейтингін (pound-for-pound) жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Рейтинг басында орта салмақта WBA Super, WBC және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) тұр.

«Биылғы тәртіпсіздіктерге GGG-дің түк қатысы жоқ, ол өз дивизионының, жалпы спорттың асқар тауы болып қала бермек. 36 жастағы Головкин туралы қалағаныңызды айтыңыз, бірақ оны жеңу үшін Гераклдың күші керек», - деп жазады сайт.

15 қыркүйекте Головкин мексикалық Сауль Альвареспен екінші кездесуін өткізеді. Жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да болады.

El Paso Times басылымы ұсынған P4P-рейтингтің ТОП-10 боксшысы:

1. Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО)

2. Василий Ломаченко (11-1, 9 КО)

3. Теренс Кроуфорд (33-0, 24 КО).

4. Майки Гарсия (39-0, 30 КО)

5. Эррол Спенс (24-0, 21 КО)

6. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО)

7. Срисакет Сор Рунгвисаи (46-4-1, 41 КО)

8. Наоя Иноуэ (16-0, 14 КО)

9. Александр Усик (15-0, 11 КО)

10. Энтони Джошуа (21-0, 20 КО)