#
#
Cәрсенбі 21/08/2019

Головкин Роллсты нокаутпен жеңді (Видео)

  • 09.06.2019
  • 0
  • 884

Нью-Йорктегі «Мэдисон Сквер Гарден» аренасында Геннадий Головкин канадалық Стив Роллсты жеңді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бірінші раундта екі боксшы да бір-бірін зерттеп бақты. Геннадий Головкин бірінші нөмірмен бокстасты. Ал Стив Роллс шегініп жүріп, жұдырық сермеді. Арасында жылдам қимылмен Генаны соққының астына алуға тырысты. Кейбір сериялы соққылары діттеген жеріне жетті. Головкин джебпен ұрып жүріп, төртінші раундта сол қолмен ұрған екі бірдей xукпен Роллсты нокаутқа түсірді.

Осылайша, орта салмақтағы  WBA Super, WBC, IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин кәсіби бокстағы 39-шы кездесуін жеңіспен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін жеңіліп көрмеген жерлесіміз Әли Ахмедов тәжірибелі америкалық Маркус МакДэниэлден басым түскен болатын. 

Боксшы үлкен мүмкіндік жасаған Геннадий Головкинге алғыс айтты. 

Ал Головкин-Роллс айқасының андеркартында шаршы алаңға шыққан тағы бір отандасымыз Бақтияр Эюбов америкалық Брайан Себальоға есе жіберді. 


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар