28 жел, 2019 сағат 02:30

Головкин - онжылдықтың үздік боксшылары қатарында

Танымал америкалық "Yahoo! Sports" порталы соңғы онжылдықтағы үздік боксшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Олардың ішінде орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы титулдарының иегері қазақстандық боксшы Геннадий Головкин де бар. Оны жетінші орынға қойған.

Бұған дейін 37 жастағы қазақстандық WBC және WBA Super нұсқаларының чемпионы болған еді.

Соңғы онжылдықтың қорытындысы бойынша кіші Флойд Мэйвезер ең үздік боксшы аталды.

Екінші орында Андре Уорд, ал үшінші болып Василий Ломаченко жайғасты.

Сондай-ақ, ТОП-10-ға Сауль Альварес, Теренс Кроуфорд, Роман Гонсалес, Мэнни Пакьяо, Наоя Иноуэ және Александр Усик кіріп отыр.