27 ақп, 2020 сағат 14:42

Фристайл-могул: Анастасия Городко Еуропа кубогінің чемпионы болды

Фристайл-могулдан Қазақстан жасөспірімдер командасының мүшесі Анастасия Городко Еуропа кубогінде топ жарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Еуропа кубогі кезеңдерінде бірнеше рет топ жарған Анастасия турнирдің жалпы есебінде бірінші орыннан көрінді. Қазақстандық спортшы 1450 ұпай жинап, қарсыластарынан қара үзіп кетті. Екінші орында 750 ұпай жинаған Нидерланды өкілі Жанеке Бергхуис, үшінші орында франциялық Фантин Дергрурт (644).

Айта кетелік, биылғы маусымда Анастасия Городко 15 рет жеңіс тұғырына көтеріліп, оның 11-де алтын жүлде тағынды.