08 қар, 2019 сағат 10:48

Елордадағы су айдындарына 160 мың шабақ жіберілді

Елордадағы екі су қоймасын балықтандыру үшін онда ақ амур мен тұқы шабақтары жіберілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Елорда инфоға сілтеме жасап.

«ЖасНұр» МҚКҚ биологиялық әртүрлілікті сақтау, экологиялық тепе-теңдікті қамтамасыз ету және спорттық-әуесқой балық аулауды дамыту мақсатында Астана мен Қоянды су қоймаларына балықтар жіберді.

Жіберілген балықтар арасында ақ амур тек кәсіптік құндылығымен ғана емес, сонымен қатар биологиялық мелиораторлық қасиеттерімен де ерекшеленеді. Барлығы 165 431 шабақ жіберілді.

Вячеслав су қоймасына 58 054 тұқы мен 57 968 ақ амур, Қоянды су қоймасына 24 746 тұқы мен 24 663 ақ амур құртшабақтары жіберілді.