08 қар, 2019 сағат 12:42

Елордада ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласы мен Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.

9 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с жетеді.

9 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде қалың қар алалас жаңбыр жауады, тұман түседі, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Сол күні Қостанай қаласында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.