13 қар, 2018 сағат 10:06

Еліміздің шығысында аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды

Қазақстанның шығысына күшті аяз келіп, салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды. 

Облыстық білім басқармасының мәліметінше, ауа-райының қолайсыздығына байланысты бірқатар ауданда оқушыларға сабақ болмайды. 

  • Зырян ауданы (-34 градус) – 1-11 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады.
  • Риддер (-24)  – бірінші ауысымдағы 1-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды.
  • Аягөз ауданы (-31) – бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады.
  • Көкпекті ауданы (-27) – бірінші ауысымдағы 1-11 сынып оқушылары мен колледждердің 1-2 курс студенттері үшін сабақ өткізілмейді.
  • Үржар ауданы (-33) — 1-9 сынып оқушылары үшін сабақ тоқтатылады.