#
#
Жұма 24/05/2019

Елімізде алдағы тәуліктерде күн 20 градусқа дейін жылынуы мүмкін

  • 11.03.2019
  • 0
  • 493

Синоптиктер 12-14 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Үш тәулік бойы антициклон Қазақстанның көптеген облыстарына ықпал етеді.

«Республиканың басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз, күн ала бұлтты, ауа температурасы 0...+8°С градус, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +12...+20°С градус болады. Бұл климаттық нормадан 4...10°С градусқа жоғары», - делінген хабарламада.

Ресейдің Еуропалық бөлігінен ауысып келетін атмосфералық фронттардың ықпалынан еліміздің батыс және солтүстік аймақтарында жауын-шашын жауып, тұман түседі және көктайғақ болуы ықтимал. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар