25 мам, 2018 сағат 14:24

Елдос Сметов Қытайда Гран-при жеңімпазы атанды (Видео)

Бүгін, 25 мамырда Қытайда Хух-Хото қаласында дзюдодан Гран-при турнирі басталды, деп хабарлайды sports.kz.

Жарыста ерлер арасында 60 келі салмақ санатында Елдос Сметов топ жарды. Сондай-ақ осы салмақта тағы бір қазақстандық - Ғұсман Қырғыбаев «күміс» еншіледі.


Гран-при турнирі. Хух-Хото (Қытай), 25 мамыр. Ерлер.

- 60 келі 
1. Елдос Сметов (Қазақстан)
2. Құсман Қырғызбаев (Қазақстан)  
3. Амартувшин Дашдаваа (Моңғолия) 
3. Альберт Огузов (Ресей).

Хух-Хотодағы Гран-при кезеңі 27 мамырда аяқталады.

Еске сала кетсек, бұл бәсекеге Қазақстаннан 13 дзюдошы қатысуда.