#
#
Жексенбі 25/08/2019

Елдос Сметов әлемдік рейтингте үздік бестікке кірді

  • 16.07.2019
  • 0
  • 971

Будапештегі әлемдік Гран-при турнирінен кейін Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) жаңартылған рейтингті жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, Будапеште 60 кг салмақта топ жарған Елдос Сметов 6-дан бесінші орынға көтеріліп, үздік бестіктің қатарына енді.

Будапешт турнирінің күміс жүлдегері Елдос Жұмақанов (66 кг) әлемдік рейтингте 12-ден 11-орынға жоғарылады.

IJF ережесіне сәйкес әлемдік Гран-приде жеңімпаз атанғандар 700, екінші орын иегері 490, қола алғандар 350 ұпайға ие болады.

Үздік елулікке ілінген қазақстандық дзюдошылардың көрсеткіштері мынадай:

60 кг

Елдос Сметов – 5 орын (4821)

Ғұсман Қырғызбаев – 11 (3156)

66 кг

Ерлан Серікжанов – 8 (4089)

Елдос Жұмақанов – 11 (3504)

73 кг

Жансай Смағұлов – 19 (2448)

81 кг

Дидар Хамза – 17 (2602)

Руслан Мұсаев – 49 (1036)

90 кг

Ислам Бозбаев – 11 (3428)

+100 кг

Ерасыл Қажыбаев – 36 (1352)

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елдос Сметовтің Будапеште алтын алғанын, Елдос Жұмақановтың күміс жүлдегер атанғанын жазған болатынбыз.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар