21 мау, 2019 сағат 07:40

Елбасы мен Президент Алматыға келді

Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси көшбасшылық феноменін зерттеуге арналған «Кемеңгерліктің 30 жылы» халықаралық ғылыми конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Ұлт Ақпарат». Шараға ҚР Президенті Қ.Тоқаев пен Елбасы Н.Назарбаев қатысып отыр.

Конференцияда саяси көшбасшылық феноменіне байланысты саяси, тарихи, экономикалық, құқықтық және басқа да аспектілер келесі бағыттар бойынша қаралады:

1. ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстан қалыптасуына қосқан үлесі;

2. Елбасының тарихи миссиясы;

 3. Елбасының жаһандық және аймақтық бастамалары;

4. Саяси көшбасшылық феномені: тарихы, ерекшеліктері, өзгешелігі.

Конференцияны ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кеңесінінің қолдауымен ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы, ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы - қоры және Алматы әкімдігі ұйымдастырған.

Конференция тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды атаулы күн қарсаңында Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің ең жоғарғы лауазымындағы қызметте болуының 30 жылдығына арналып отыр.