07 қаң, 2018 сағат 22:22

Дулыға Ақмолда: Бүгін сен сүрінсең, ертең оның сүрiнбесiне кiм кепiл?!

"Өз жан азабын сезген адам - тiрi жан,
Өзгенiң жан азабын сезген адам - нағыз адам..."

Бiз құдіретті өнер жолында табыстық. Бозбала едiк. Бiрге өсiп, бiрге өрбiдiк, жетiлдiк. Қыран қанаттанып, қырдан астық. Аш құрсақ болып ашыққан кезде де, болмашыға қуанып, көңіл толқыны тасытқан кезде де бiрге болдық. Әлi де бiргемiз...

Өмірдің тәтті түстей тамылжып өте бермейтiнiне әлдеқашан көзіміз жеткен. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ. Бүгін сен сүрінсең, ертең оның сүрiнбесiне кiм кепiл?! Бәрi құдіреті күшті бір Аллаға аян!..

Сүрінгенге сүйеніш болып, құлағанды қолдау - атадан қалған өсиет. Ең бастысы, жабырқама, жасыма, досым!

Дулыға Ақмолданың фэйсбуктағы жазбасынан