30 қаң, 2017 сағат 13:45

Димаш Ұ.Жолдасовпен бірге "Адай" күйін тартып берді (Видео)

- Қытайда өтіп жатқан «I am a Singer-2017» өнер додасында миллиардты аузына қаратқан әнші Димаш Құдайбергенов елге жаңа қырынан танылды.

Инстаграм әлеуметтік желісіне жүктелген видеода ол танымал әнші, сазгер Ұлықпан Жолдасовпен бірге "Адай" күйін тартады. Ал, бейнежазба авторы Айған Жолдасова бұл тамаша көрініске «Əдеттегіндей екеуінің басы қосылса, домбырамен күй тартпаса болмайды. "Əнші міндетті түрде музыкалық аспапта ойнау керек" деген ұстаным бар", - деп анықтама берген.

«Жігітке жеті өнер де аз» демекші, желі қолданушылары Димашқа ыстық ықыластарын білдіріп, өнер жолына сәттілік тілеп жатыр.