04 ақп, 2017 сағат 18:53

Димаш Құдайбергенов үшінші кезеңде әйгілі «Show must go on» әнін орындады (видео)

Отандасымыз Димаш Құдайбергенов Қытайдағы «Singer-2017» жобасының 3 турында Queen тобының «Show must go on» әнін орындап, үшінші орынға ие болды.

Димаш бұл жолы хард-рок жанрындағы әнді таңдады. Жерлесіміз әйгілі Queen тобының репертуарындағы "Шоу жалғасуы керек" туындысын жоғары дәрежеде орындады.

Алайда бұл кезеңде қытайлық әнші Тан Цзин бас жүлдеге ие болды. Димаш Құдайбергенов бірінші, екінші кезеңдерде жеңімпаз атанған болатын.

Ендеше, Димаштың үшінші кезеңде орындаған әніне кезек берейік:

"Ұлт ақпарат"