22 қаң, 2017 сағат 22:13

Димаш Құдайберген туралы сіз білмейтін деректер

Димаш Құдайбергенов 1994 жылы 24 мамырда Ақтөбе қаласында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткерлері Қанат Құдайбергенұлы мен Светлана Айтбаева отбасында дүниеге келген.

Ең алғаш рет спектакльде ойнауымен таныла бастады. Бес жасында музыкалық колледж сахнасында алғаш әнші ретінде ән салған. Алты жасында “Айналайын” республикалық байқауының “Фортепиано” номинациясында жеңімпаз атанған.

2010 жылы "Байқонырдың Әсем дауыстары" Халықаралық фестивалінің І жүлде лауреаты атанды. 2012 жылы “Жас қанат” Республикалық жас ән орындаушылар байқауының Гран-при жүлдесіне ие болды. 2012 жылы “Восточный базар” Халықаралық байқауында І жүлде лауреаты атағына ие болды. Бір жылдан соң, “Мейкин Азия” І Халықаралық фестивалінің жеңімпазы болып атанды. 2014 жылы Ақтөбе қаласында А. Жұбанов атындағы Музыкалық колледжінде “академиялық ән орындау” факультетін бітіріп, Қазақ Ұлттық өнер университетінің “эстрада өнері” факультетіне түсті.

Нағыз танымалдық, Витебск қаласында XXIV Халықаралық эстрадалық ән орындаушылар «Славян базары-2015» байқауында Гран-при жеңіп алған соң келген. Екі күн ішінде, жас әнші 175 ұпай жинаған. Бірінші күні ол Константин Меладзе композиторінің «Опять метель» әнін, ал екінші күні Француз әншісі Грегори Лемаршаль репертуарынан алынған «Sos dun terien un detresse» әнін орындады. 2015 жылы 28 қазан күні Ыстамбұлда Димаш Құдайбергенов “AbuTV” Халықаралық Азия-Тынық мұхит фестивалінда Қазақстан Республикасының атынан алғаш рет қатысты.

Димаштың ата-анасы танымал әншілер Қанат және Света Айтбаевтар. Димаштың әкесі Қанат Айтбаев - облыстық филармонияның басшысы, анасы Светлана Айтбаева – облыстық маслихат депутаты. Димаштың ата-әжелері де музыкалық адамдар. Бірі домбырада ойнаса, екіншісінің ән айтуға бейімі бар. Димаштың Раушан атты қарындасы, Мансұр атты інісі бар.

5 жасынан бастап фортепианода ойнауды үйренеді. Балалар хорында ән айтқан. 2014 жылы Димаш Ахмет Жұбанов атындағы музыкалық колледжде академиялық ән орындау сыныбын тәмамдады. Қазір Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық Өнер университетінің 2 курс студенті. Димаш серб, итальян, француз, ағылшын, орыс т.б тілдерде ән орындайды.

"Ұлт ақпарат"

Мәліметтер kk.wikipedia.org-дан алынды