11 нау, 2017 сағат 19:06

Димаш Құдайберген «Singer» байқауының сегізінші кезеңінде өнер көрсетті (Видео)

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өнер көрсетіп жатқан қытайлық «Singer 2017» ән байқауының сегізінші кезеңі эфирден көрсетілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Ол бұл кезеңде Хан Хонгтың "Таң атты" (《天亮了》 韩红) әнін шырқап, 5-орын алды.

Айта кетейік, ол осы турдың қарсаңында ауырып қалып, жанкүйерлері уайымдаған еді. Instagram желісінде Димаш Құдайбергеновтің фан-парақшалары әншінің I Am a Singer байқауының сегізінші кезеңінде сахнаға тамағы ауырып шыққанын және әнін қарлығыңқы дауыспен орындағанын жазған болатын. Өз кезегінде Димаш Құдайбергеннің PR-директоры Алпамыс Шаримов бұл мәліметті растаған еді. 

 

Естеріңізге сала кетейік, Димаш байқаудың 9-кезеңінде америкалық Эрик Карменнің 1975 жылғы туындысы «All by Myself» әнін орындап, 2 орынды иеленді.