26 мам, 2019 сағат 11:21

Данияр Елеусінов жетінші жеңісіне қол жеткізді (видео)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов АҚШ-тың Мэриленд штатында өткен бокс кешінде чилилік Луис Норамбуэнаны айқын басымдықпен жеңді.

Осылайша ол кәсіпқой бокстағы жетінші жеңісіне қол жеткізді. Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жек жоспарланған 6 раундқа созылды. Төрешілер бағасы бойынша 60-54, 60-54 және 59-55 есебімен отандасымыз жеңіске жетті.

Айта кетсек, қазақстандық боксшы кәсіпқой бокстағы жолын 2018 жылдың сәуір айында бастады. Одан бергі аралықта 7 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетіп келеді. Үш кездесуінде қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп шықты.