14 қыр, 2019 сағат 07:58

Данияр Елеусінов кәсіби рингте 8-ші рет жеңіске жетті (Видео)

Данияр Елеусінов кәсіби рингтегі 8-ші жеңісіне қол жеткізді. деп хабарлайды Sports.kz.

Нью-Йоркте өткен бокс кешінде Олимпиада чемпионының қарсыласы жеңіліп көрмеген америкалық Решард Хикс болды. Ол осыған дейін 12 жеңіске қол жеткізген болатын және Данияр үшін ең қауіпті қарсылас деп танылды. Ал, Данияр оны бірінші раундта нокдаунға жіберіп, артынан нокаутқа түсірді.

DAZN Twitter-дегі парақшасында «Қазақтар жайындай жапырды, Вау!» деп таң қалысты.

Айта кетейік, алдағы жекпе-жектерде Данияр Елеусінов чемпиондық атаққа таласады.

Ал, бүгінгі кездесу Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы бокс кешінің Hulu Theatre кіші залында өтті.