04 мау, 2019 сағат 12:18

Дания Еспаеваның штабы Қызылордада дөңгелек үстел өткізді

Қызылорда қаласындағы Студенттер сарайында ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның республикалық штабы мен «Ақ жол» партиясының Қызылорда облыстық филиалы жиын өткізді. Бұл жөнінде партияның баспасөз қызметі хабарлады. 

«Қазақстан халқының рухани-мәдени саласын дамыту» тақырыбындағы дөңгелек үстелге «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары, ақын Қазыбек Иса мен партия төрағасының орынбасары Д.В. Васильев қатысып, сөз сөйледі.

Ашық пікір алаңы ретінде өткен жиынға ҚР Президенттігіне үміткер Д. Еспаеваның аймақтық штабы мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты. Басқосуда Қызылорда облысының «Рухани жаңғыру» орталығы жетекшісі, Қорқыт ата атындағы ҚМУ тарихшылары мен оқытушылары баяндама жасап, ой-пікірлерін білдірді.


Дөңгелек үстелде «Ақ жол» партиясының «Руxани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарған істері, ұлттық мүдденің қорғалуы, мемлекеттік тілдің дамуы, мәдениеттің мәйекті мәселелері қозғалды. Білім саласындағы қордаланған мәселелер де өткір айтылды.

Жиынға Қазақстандағы президент сайлауын xалықаралық бақылаушылар тобы да қатысты.