26 шіл, 2018 сағат 08:15

Бурабайда 940 метр биіктіктен құлаған адам жансақтау бөлімінде жатыр

Бурабайда жартастан құлап, қатты зардап шеккен 24 жастағы Астана қаласының тұрғыны аудандық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы аса ауыр деп бағалануда. Ер адамға түнде ота жасалды. Зардап шеккен азаматтың  бас сүйегі жарақаттанып, жіліншік сүйектері сынған. Дәрігерлер оның алдағы жағдайы туралы басқа ақпарат айтудан бас тартты.

Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаментінде мәлім еткендей, Астана қаласының 24 жастағы тұрғынының өз сөзінен белгілі болғандай, ер адам 940 метр биіктікте селфи жасап жүріп, аяғы тайып, жартастан құлаған.