07 қар, 2019 сағат 07:22

Bloodhound LSR автомобилі сағатына 790 шақырым жылдамдықты бағындырды

ОАР-да Калахари шөліндегі құрғап қалған Хакскин-Пан көлінде дыбыстан да жылдам Bloodhound LSR автомобилі сағатына 790 шақырым жылдамдықпен жүйткіп, өзінің рекордын жаңартты, деп хабарлайды ВВС агенттігі.

«EJ200 қозғалтқышы машинаны 790 км/с дейін жеткізді. Бүгінгі басты мақсатымыз - аэродинамикалық қарсылық пен тежеу параметрлерін өлшеу», - деген пилот Энди Гриннің сөзін келтіреді ВВС.

Әр айналым сайын Грин жылдамдықты бұрынғысынан көбірек арттырған.

Енді Bloodhound LSR автомобилін шығарушылар қозғалтқышты ракетамен жабдықтап, 2020 жылдың жазында әлемдік рекордты жаңартудан үмітті. Оны да Грин басқаратын болады.

Британдық мамандар құрастырған Bloodhound LSR автобобилінің ұзындығы 14 метр, салмағы 7 тонна.