#
#
Жексенбі 16/12/2018

БҚО-да той кортежі жол апатына ұшырады: Бір адам қаза тапты

  • 17.04.2018
  • 0
  • 1592

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ер адам дене жарақатымен ауруханаға түскен, алайда 10 сағат өткеннен кейін қайтыс болды. 

"15 сәуірде 03:54-те хабар түсті. Көлік аударылып, 1970 жылғы ер адам көптеген жарақат алып, оның ішінде миы жабық түрде зақымдалған. Ол Бөрілі ауданындағы аурухананың стационарына жеткізілген. Сол күні 14.35-те ол ауруханада қайтыс болды", - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілі Айнагүл Сақбосынова. 


Жол-көлік оқиғасы Ақсайдан сегіз шақырым жерде Аралтал ауылының маңында болған. 

"Уральская неделя" сайтының мәліметінше, 15 сәуірде Орал - Ақсай тасжолында, Аралтал ауылының маңында Lexus маркалы автомобиль аударылып кеткен. Куәгердің басылымға жіберген суретінен оның той кортежінде келе жатып, жолдан шығып кетіп, аударылғанын байқауға болады. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам зардап шеккені хабарланды. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар