04 мау, 2020 сағат 10:01

БҚО әкімі аппаратының басшысы тағайындалды

БҚО әкімінің өкімімен және ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен Берік Батаев облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Берік Әділгерейұлы 1967 жылы БҚО-ның Қаратөбе ауданында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Әр жылдары Қаратөбе аудандық мемлекеттік сақтандыру инспекциясының экономисі, Алматы қаласы, «ТұранӘлемБанк» ЖАҚ, «Үміт» зейнетақы жинақтау қоры» ЖАҚ-да түрлі лауазымда, БҚО кәсіпкерлікті қолдау және дамыту департаментінің директоры, Зеленов ауданының әкімі, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаментінің директоры, Маңғыстау облысы, Қарақия ауданының әкімі, ҚР Президенті Әкімшілігі әлеуметтік-экономикалық бөлімінің меңгерушісі болды.

2019 жылдан бастап ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.