01 сәу, 2020 сағат 15:02

«Birgemiz» қорына қанша қаржы түскені белгілі болды

«Birgemiz» қорына 13 млрд теңге түсті. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Birgemiz» қорына тоқталсақ, бүгінде қорға 13 млрд теңге түсті. Қаржы ашықтығын қамтамасыз ету үшін барлық өңірде қор өкілдіктері ашылды», - деді министр «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен. 

Осы орайда министр қордың сайты іске қосылғанын атап өтті. 

«Онда келіп түскен қаражат пен шығындар жарияланады, тіпті, чектерге дейін көрсетіледі. Қазір әр өңірде көмекке мұқтаж адамдардың тізімі жасалуда. Олар жақын уақытта қордан көмек алады», - деді Дәурен Абаев. 

Айта кетейік, Елбасы бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қорына еліміздің барлық өңірінен қайырымдылық ретінде қаражат түсіп жатыр.