#
#
Жексенбі 25/08/2019

Білім кәсіподағы Арыс халқына 13 млн теңге аударды

  • 16.07.2019
  • 0
  • 467

Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы Арыс тұрғындарына көмек көрсетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Кәсіподақ төрайымы Майра Амантаева Арыс қаласына арнайы барып, барлық өңірдегі аймақтық білім және ғылым саласының кәсіподақтары аударған 13 млн теңгені арнайы есеп-шотқа аударды. 

Қайырымдылық іс-шара Арыс қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өтті. Жиынға жергілікті атқару органдарының өкілдері, білім беру ошақтарының басшылары мен бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты. 

Жұмыс сапары барысында салалық кәсіподақ ұйымының төрайымы Майра Амантаева жарылыс салдарынан зардап шеккен бірқатар білім беру ұйымдарына барып, олардың жағдайымен танысты.

Жоғарыда аталған қаржылай көмекпен қатар, аталмыш кәсіподақтың аймақтардағы ұйымдары арыстық балаларды жазғы лагерьлерге орналастырып, киім-кешекпен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырып жатыр. 

Айта кету керек, 95 жылдық тарихы бар Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы - елдегі ең ірі қоғамдық ұйым. Аталған кәсіподақ құрамында 700 мыңнан астам мүше бар.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар