#
#
Дүйсенбі 25/06/2018

Бельгия соты Ұлттық қордың 21,5 миллиард долларына шектеу қою туралы шешімнің күшін жойды

  • 30.05.2018
  • 0
  • 1562

Брюссельдің бірінші инстанциядағы соты Қазақстанның мәлімдеуінше алдаумен алынған ҚР Ұлттық қоры активтерінің шамамен 21,5 миллиард АҚШ доллары сомасынан алдын ала тыйым салуды жойып, 530 миллион АҚШ доллары көлеміндегі қалған қаражаттан шектеуді ағылшын соттарында алып тастауға болады деп ұйғарды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше,Стати Швециядағы төрелік арқылы Қазақстаннан 4 миллиард АҚШ долларын талап етті, алайда оларға 500 миллион АҚШ доллары ұйғарылды. Осы қаражаттың ішінен 199 миллион АҚШ доллары газ өңдеу зауыты құрылысына кеткен шығындармен байланысты болған тәрізді.

Кейіннен АҚШ-та бөлек сот процедурасы арқылы алынған құжаттар арқылы Қазақстан Статидің талаптары ірі алаяқтыққа негізделгендігі жөнінде дәлелдер алды. Швеция төрелік шешімнің күшін жоймай және алаяқтық фактісін тіпті мәні бойынша қарамағанына қарамастан, Англияның Жоғары соты ұсынылған дәлелдерді қарастырып, өткен жылдың маусым айында төрелік шешім алаяқтық жолымен алынғандығы туралы жеткілікті түрде бастапқы дәлелдер бар деген қорытындыға келіп, сәйкесінше ағымдағы жылғы қазан айына алаяқтықтың мәні бойынша тыңдау өткізуді белгіледі.

Осыдан кейін Стати жеті елде мәжбүрлі түрде орындау бойынша теңдесі жоқ науқан бастап, Қазақстанның Ұлттық банкіне және Ұлттық қорға тиесілі 22 миллиард АҚШ долларынан астам сома көлеміндегі активтерге алдын ала тыйым салды, бұл сома олардың талаптарынан анағұрлым асып түседі.

Бельгиялық сот уақытша тыйым салу Статидің талаптары мен шығындарының сомасымен ғана, атап айтқанда 530 миллион АҚШ долларымен шектелуі керек деп ұйғара отырып, Статидің стратегиясын шайқалтты, бұл Қазақстанның Ұлттық банкіне тиесілі шамамен 21,5 миллиард АҚШ доллары мөлшеріндегі активтерінен шектеуді алып тастауға әкеледі. Бұдан басқа, бельгиялық соттың ұйғаруынша, тыйым салу үшін негіздің бар-жоқтығын нақ ағылшын соттары шешуі тиіс. Қазақстан Республикасы мен Қазақстанның Ұлттық банкі тыйым салынған қаражаттың қалған бөлігінен шектеуді алып тастау үшін Англияда тиісті әрекеттер қабылдайтын болады.

"Тыйым салынатын қаражатты ұлғайту және бұл ретте үшінші тұлғаларды қамтуға бағытталған Статидің стратегиясына сызат түсті. Статидің стратегиясы бастапқыдан елімізге қысым көрсетуге бағытталған", - дейді ҚР әділет министрі Марат Бекетаев.

"Бельгиялық шешім Стати алаяқтық туралы дәлелдемелер қарастырылатын сот талқылауын аяқтай алмай, Англияда ірі жеңіліске ұшырағаннан кейін бір апта өткен соң шықты.

Стати Англиядағы сот талқылауларын қазақстандық активтерге тыйым салуға қол жеткізу үшін бастады. Алайда сот алаяқтық дәлелдемелеріне қызығушылық таныта бастағанда-ақ олар істі тоқтату жөнінде сәтсіз талпыныс жасады, ал өткен аптада сот талқылауын кейінге қалдыруға тырысты. Бұл ретте мәлемдегені, бұдан былай олар мүдделерін өздері білдіретін болады, өйткені олардың адвокаттары King and Spalding бірнеше күн бұрын олардың мүдделерін білдіруді тоқтатты", - делінген ведомствоның хабарламасында.

"Статидің схемасы олардың көз алдында бұзылуда. Стати қандай іс-әрекет жасаса да, шындықты жасыра алмайды", - дейді ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев.

Осыған дейін министр Бекетаев Қазақстан Ұлттық қорындағы бұғатталған 22 миллиард доллардың ҚР иелігінде қала беретінін мәлімдеген еді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар