05 қаң, 2019 сағат 15:23

Батыс Қазақстанда ауа райына байланысты барлық жолдар жабылды

Батыс Қазақстан облысында барлық жолдар жабылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". 

«Қазавтожол» ЖШС БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, бүгін сағат 11.00-ден бастап осындай шешім қабылданды.

Қатты бұрқасынға байланысты республикалық және облыстық маңызы бар жолдарда барлық автокөлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.

Еске сала кетейік, кеше ауа райының бұзылуына байланысты жолдар жабылып, ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.