22 қаң, 2020 сағат 06:00

Балқашта мұз үстінен жүру шеруі өтеді

Балқашта мұз өткелімен жүріп өту шарасы ұйымдастырылады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шараның мақсаты қоғамның назарын Балқаш маңындағы экологиялық проблемаларға аудару және ішкі туризмді дамыту. Іс-шара Ресейдегі Байкал бойымен өткен қысқы шеруге ұқсас болады. «Ұлы Балқаш шақырады!» мұз үстімен жүріп өтетін екінші шара 14-15 ақпанда өтеді.

Сондай-ақ, бағдарламада «Форсайт-әңгімелесулер: адам және қоғам 2035» интеллектуалдық шаралар өткізіледі. Олар экология, денсаулық және ұзақ өмір сүру, кәсіпкерлік тақырыптарын қамтытын болады. Мұзда жүріп өту шеруіне қатысуға қатысты ақпаратпен мына сілтемеде танысуға болады.