23 мау, 2019 сағат 10:20

Баландин мен Мусин АҚШ-та топ жарды

Қазақстандық спортшылар Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин АҚШ-тағы CA Dolfin Fran Crippen SMOC халықаралық турнирінде топ жарып, күміс жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Olympic.kz.

Бірінші жарыс күнінде Баландин 200 метрге брасс әдісімен жарысудан сынға түсіп, Азиада жүлдегері, қытайлық Ян Зибейге ғана есе жіберді. Үшінші орында тағы бір қытайлық спортшы Жуйсюань Чжан орналасқан. Мусин 200 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден ел рекордын жаңартып, екінші орын алды. Оның жаңа рекорды 1:59.48. Бірінші орында америкалық Томас Шилдс иеленген. Үздік үштікті АҚШ спортшысы Брукс Фэйл қорытындылап тұр.

Айта кетейік, Дмитрий Баландин, Әділбек Мусин және Әділ Қасқабай 2019 жылғы әлем чемпионатына арнайы дайындық барысында АҚШ-тағы CA Dolfin Fran Crippen SMOC халықаралық турниріне қатысуда.