#
#
Сенбі 06/06/2020

БАҚ: Қызылордада коронавирус табылған әйел Оңтүстік Кореядан 1 наурызда келген

  • 28.03.2020
  • 0
  • 279

Қызылордада коронавирус табылған 1955 жылғы әйел аймаққа 1 наурызда Оңтүстік Кореядан ұшып келген. Ол жақта қызметтік іссапарда болған, деп хабарлады мемлекеттік 24.kz сайты. 

Келе салысымен бірден карантинге жатқызылған. Кейіннен дәрігерлер оны үйіне жіберіп, сол жақтан бақылаған. Жақында оның жағдайы күрт нашарлап, жедел жәрдем бригада тобын шақырған. Тестен өткеннен кейін диагнозы расталған. Қазір облыстық инфекциялық ауруханасында жатыр.

- Жағдайы орташа ауыр. Науқас құрғақ жөтел, тамағы жыбырлайтынын айтады, дене қызуы да бар. Хаттамаға сәйкес емдеп жатырмыз, - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Жақсылық Әбдісәметов. 

Басқарманың айтуынша, науқаспен байланыста болған 30-ға жуық адам анықталған. Онымен жақын қарым-қатынаста болған адамдар тізімі жасалып, 14 күн стационарға жатқызылады. 

Басқарма өкілдері науқас тұрған аумақта дезинфекция жүріп жатқанын айтты. 

Соңғы дерек бойынша Қазақстанда 204 адамнан коронавирус табылған:

  • Нұр-Сұлтанда - 117 адам
  • Алматыда - 58 адам
  • Қарағандыда - 4 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Атырау облысында - 4 адам
  • Ақмола облысында - 5 адам
  • Шымкентте - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Алматы - облысында - 4 адам
  • Ақтөбе облысында - 1 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам
  • Қызылорда облысында - 1 адам.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар