09 мау, 2017 сағат 13:01

Азаматтық авиация комитетіне жаңа басшы тағайындалды

Бүгін ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің бұйрығымен Ластаев Талғат Тілеубекұлы ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы болып тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап

Талғат Ластаев 1980 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Білімі жоғары. Шығыс Қазақстан облысының мемлекеттік университетін, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын Қазагроөнеркәсіп банкі" ААҚ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының маманы болып бастады. "Қостанай құс" ААҚ жабдықтау жөніндегі бас маман, "Қостанай құс" ААҚ жабдықтау бөлімінің бастығы, "Қостанай құс" ААҚ вице-президенті, "Черемшанка құс фабрикасы плюс" ЖШС директоры қызметтерін атқарған.

2008 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік-коммуникация кешенін дамыту департаментінің автомобиль жолдарын дамыту басқармасының бастығы, 2008 жылдың шілде айынан Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті сапаны бақылау басқармасының бастығы болды.  2009 жылдың маусым айынан бастап Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. 2014 жылдың қазан айынан бері Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті Төрағасының рынбасары қызметін атқарып келді.