#
#
Сенбі 22/02/2020

Аз қамтылған отбасылардың балаларына мемлекеттен қандай көмек берілетіні нақтыланды

  • 19.01.2020
  • 0
  • 242

2020 жылы аз қамтылған отбасылардың балаларына мемлекет тарапынан қандай көмек бөлінетіндігін түсіндірді, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Жеңілдігі бар жол жүру билеті, мектепте тегін тамақ пен азық-түлік пакетінен бөлек 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларға мектеп киімі мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар мемлекеттік әлеуметтік көмек ретінде беріледі» деп жазды ҚР Президенті Әкімшілігі қоғамдық қабылдауының Telegram-дағы парақшасында.

Ұлдарға арналған мектеп киімі жиынтығына мыналар кіреді:

- пиджак;

- жилет;

- шалбар;

- мерекелік көйлек;

- күнделікті киюге арналған көйлек;

- трикотаж жилет.

Қыздарға арналған мектеп киімі жиынтығына мыналар кіреді:

- пиджак;

- жилет;

- белдемше;

- классикалық жейде;

- трикотаж жилет;

- сарафан.

Бастауыш сынып оқушыларға арналған жазу және мектеп жабдықтары мыналардан жиынтықталады:

- рюкзак;

- күнделі;

- жай дәптер (20 дана);

- қаламсауыт;

- сурет салуға арналған альбом;

- қаламсап (5 дана);

- жай қарындаш (10 дана);

- қап (15 дана);

- пластилин;

- акварель бояуы;

- сызғыш;

- өшіргіш.

Орта буын оқушыларына мыналар беріледі:

- рюкзак;

- күнделі;

- жай дәптер (20 дана);

- қалың дәптер (10 дана);

- қаламсауыт;

- сурет салуға арналған альбом;

- қаламсап (5 дана);

- жай қарындаш (10 дана);

- қап (15 дана);

- пластилин;

- акварель бояуы;

- сызғыш;

- өшіргіш.

Жоғары сынып оқушыларына:

- рюкзак;

- күнделі;

- жай дәптер (20 дана);

- қалың дәптер (10 дана);

- циркуль;

- қаламсауыт;

- сурет салуға арналған альбом;

- қаламсап (5 дана);

- жай қарындаш (10 дана);

- қап (15 дана);

- пластилин;

- акварель бояуы;

- сызғыш;

- өшіргіш.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар